27 наурыз күні Ұлытау облысында «Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» тақырыбында республикалық семинар «Ертөстік» бөбекжайы базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау.
Семинар жұмысына өңірлік білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары, облыстық және қалалық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері белсенді қатысты.
Іс-шара аясында «Ертөстік» бөбекжайында ұйымдастырылған тәжірибелік алаңдарда педагогтерге арналған заманауи, ұлттық және инновациялық бағыттағы жұмыстар жан-жақты ұсынылды.
«Жасыл балабақша» бағыты бойынша балаларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар көрсетілді.
Сонымен қатар, STEAM технологияларын тиімді пайдалану арқылы тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық және зерттеушілік белсенділігін арттыруға арналған іс-әрекеттер таныстырылды.
🇰🇿 Ұлттық құндылықтар бағыты аясында балаларға салт-дәстүрлерді дәріптеу, ана тілін құрметтеу және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған жұмыстар кеңінен көрсетілді.
Бөбекжай педагогтері өткізген іс-әрекеттер, шеберлік сыныптары мен көрмелер қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
Ұйымдастырылған республикалық семинар педагогтердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, инновациялық тәжірибелерді таратуға және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға ықпал етті.
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, іс-шара жұмысы жоғары деңгейде қорытындыланды.









