Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайының  КМҚК

«Мектепке дейінгі үздік ұйым» байқауына портфолиосы

1. Білім беру ұйымының ресурстық базасы

1.1. Технологиялық жабдықталуы (компьютерлер саны, оның ішінде желілік жүйеде ):

«Ертөстік» бөбекжайы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік техника әкімшілік-басқару қызметінде, педагогтердің жұмысында, әдістемелік материалдарды әзірлеуде және білім беру үдерісінде қолданылады.

Технологиялық жабдықталу көрсеткіштері:

№

Техникалық құралдар

Жалпы саны

Желілік жүйеге қосылғаны

1

Стационарлық компьютерлер

14

7

2

Ноутбуктер

1

1

3

Моноблоктар

2

2

4

Интерактивті тақталар/панельдер

1

1

5

Проекторлар

1

–

6

Принтерлер және көпфункционалды құрылғылар

6

–

Интернет желісіне қосылған компьютерлер мен цифрлық құрылғылар педагогтердің ақпараттық ресурстарды пайдалануына, әдістемелік және көрнекі материалдар әзірлеуіне, электрондық құжат айналымын жүргізуге және заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

1.2 Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы қосымша білім беру технологияларын тиімді қолдану)

Бөбекжайда білім беру үдерісін жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қатар заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылуда.

Педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау және өткізу барысында интерактивті тақталарды, мультимедиялық құралдарды, цифрлық білім беру ресурстарын, бейне және аудиоматериалдарды пайдаланады. Бұл балаларға ақпаратты көрнекі әрі қызықты түрде ұсынуға, олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және цифрлық сауаттылықтың бастапқы дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект технологиялары педагогтердің кәсіби қызметінде қосымша цифрлық құрал ретінде қолданылады. ЖИ көмегімен педагогтер көрнекі материалдар, иллюстрациялар, шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар мен сценарийлер әзірлейді, идеялар жинақтайды және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды бейімдейді.

Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктері балалармен жүргізілетін шығармашылық және танымдық әрекеттерді түрлендіруде пайдаланылады. Педагогтің басшылығымен жас ерекшеліктеріне сәйкес цифрлық және интерактивті материалдар қолданылып, балалардың қиялын, қызығушылығын, зерттеушілік және шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасалады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллектті педагогикалық тәжірибеге енгізу педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, әдістемелік жұмысты жетілдіруге және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

1.3. Материалдық – техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарықтардыру, жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі, нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы, тепе-теңдігі)

Бөбекжайда тәрбиеленушілердің қауіпсіз, қолайлы және жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Топ бөлмелері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жиһаздармен, ойын және дамытушы құралдармен жабдықталған. Пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында балалардың еркін әрекет етуіне, шығармашылық, танымдық, коммуникативтік және қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға басымдық беріледі.

Бөбекжайдың арнайы бөлмелері мен функционалдық аймақтары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Музыка және дене шынықтыру бағытындағы іс-әрекеттерді ұйымдастыруға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, цифрлық технологияларды қолдануға және сауықтыру жұмыстарын жүргізуге тиісті жағдайлар жасалған.

Ғимараттың санитариялық – гигиеналық жағдайына, жарықтандырылуына, жылу және сумен қамтамасыз етілуіне, өрт және жалпы қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті техникалық және қауіпсіздік құралдары қолданылады.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту кезінде нақты қажеттіліктер ескеріліп, қаржы қаражатын мақсатты, тиімді және ұтымды пайдалану қағидаты басшылыққа алынады. Қаражат балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, топтардың дамытушы ортасын жетілдіруге, қажетті құрал-жабдықтарды жаңартуға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталады.

Жүргізіліп отырған жұмыстар нәтижесінде бөбекжайда балалардың сапалы тәрбиесі мен дамуына, педагогтердің тиімді қызметіне және қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастыруға қажетті материалдық-техникалық жағдайлар қамтамасыз етілген.

2. Педагогикалық қызметкерлер туралы ақпарат

2026-2027 оқу жылында жалпы 32 педагог

Педагогтердің білімі туралы

Педагогтердің біліктілік санаттары

жоғары

орта

Басшы менеджер

Педагог - шебер

Педагог - зерттеуші

Педагог -сарапшы

Педагог – модератор

Педагог

Ескі санат

21

11

1 (3%)                         

0

0

2 (6%)

20 (63%)

9 (28%)

0

№

Педагогтің аты – жөні

Лауазымы

Білімі

Санаты

Совместительдер

1

Сакеева Калимаш Толегеновна

Директор

Жоғары

Басшы - менеджер

 

2

Абильдина Асель Сагатовна

Музыка жетекшісі

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

3

Абилова Эльмира Кулбековна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

4

Абдрахманова Алтынай Хамариденовна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

5

Атамбаева Толғанай Серикбаевна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог

 

6

Әбжаппар Әсел Сәбитқызы

Қазақ тілі мұғалімі

Жоғары

Педагог

 

7

Баянбекова Акнур Канышовна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

8

Джамбаева Куралай Ерболовна

Әдіскер

Жоғары

Педагог - сарапшы

 

9

Жакаева  Жазира Сериковна

Әдіскер

Жоғары

Педагог - модератор

 

10

Ибрагимова Эльмира Сапаровна

Қосымша маман

Жоғары

Педагог - модератор

 

11

Ибраимова Ляззат Ерлановна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

12

Кемелбек Ақназ Нышанқызы

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог

 

13

Қарымбаева Перизат Асанқызы

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

14

Исабекова Акбота Муратбековна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

15

Каскабаева Мейрамкуль Темирбековна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

16

Кыдырбаева Улжалгас Бауыржановна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

17

Назарова Кунзада Муратовна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

18

Романова Лютфия Махиадраджабовна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

19

Сарсембаева Ардак Утегеновна

Дефектолог

Жоғары

Педагог - модератор

 

20

Соловьёва Марина Викторовна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог - модератор

 

21

Түсіпбек Анар Көбейқызы

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог – модератор

 

22

Түркебай Меруерт Мұңсызбекқызы

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог

 

23

Искендирова Гаухар Нугмановна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог

 

24

Тельконурова Мереке Еркінбекқызы

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

25

Умиртаева Бота Абилашимовна

Тәрбиеші

Жоғары

Педагог - модератор

 

26

Шайгозова Гулбаршын Мукановна

Қосымша маман

Жоғары

Педагог

0,5

27

Беркинбаев Бекгали Бекболатович

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Жоғары

Педагог - сарапшы

0,5

28

Түктібаева Еркеназ Әбдіғапарқызы

Психолог

Жоғары

Педагог – модератор

0,5

29

Тұрсын Самат Айтжанұлы

Жүзу нұсқаушысы

Жоғары

Педагог

0,5

30

Аюбекова Гульшат Табысовна

Психолог

Жоғары

Педагог

 

31

Жакупова Ақниет Жаманқұлқызы

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог

 

32

Сейтжапарова Куралай Турсынбековна

Тәрбиеші

Ортаңғы

Педагог – модератор

 

2.3. Педагогтердің ғылыми дәрежелері – жоқ

2.4. Марапаттары:

1. 2024 жылы Қазақстан республикасы оқу – ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті атынан 2024 жылы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды

2. 2025 жылы Жезқазған қаласы білім бөлімінің атынан «Мектепке дейінгі үздік» ұйым байқауынан ІІ дәрежелі дипломмен Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК марапатталды

3. Білім жүйесіндегі көпжылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Сакеева Калимаш Толегеновна «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды. Астана 2025ж.

4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» РММ Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыруды ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі үшін Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Ертөстік» бөбекжайының директоры Сакеева Калимаш Толегеновна Грамотасымен марапатталды. Астана 2026 ж.

5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» РММ «Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» Республикалық семинарында озат тәжірибесімен бөліскені үшін Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Ертөстік» бөбекжайының

– Сакеева Калимаш Толегеновна –директоры

– Джамбаева Куралай Ерболовна –әдіскері

– Жакаева Жазира Сериковна –әдіскері

– Умиртаева Бота Абилашимовна –тәрбиешісі

– Шайгозова Гулбаршын Мукановна –қосымша маманы

– Ибрагимова Эльмира Сапаровна –қосымша маманы

– Сейтжапарова Куралай Турсынбековна –тәрбиешісі

– Соловьева Марина Викторовна –тәрбиешісі

– Кыдырбаева Улжалгас Бауыржановна –тәрбиешісі

– Абдрахманова Алтынай Хамариденовна –тәрбиешісі

– Абильдина Асель Сагатовна –музыка жетекшісі

– Титова Елена Александровна –музыка жетекшісі

6. ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КМҚК атынан «Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» тақырыбындағы өткен республикалық семинарда тәжірибесімен бөліскені үшін Жезқазған қаласы «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК

– Джамбаева Куралай Ерболовна –әдіскері

– Баянбекова Акнур Канышовна – тәрбиешісі

– Ибраимова Ляззат Ерлановна – тәрбиешісі

– Түсіпбек Анар Көбейқызы – тәрбиешісі

– Карымбаева Перизат Асанқызы – тәрбиешісі

– Катшабаева Жулдыз Муратхановна – хореографы

– Түркебай Меруерт Мұнсызбекқызы – тәрбиешісі

– Искендирова Гаухар Нугумановна – тәрбиешісі

– Исабекова Акбота Муратбековна – педагог – ассистенті

– Мейрамова Хадиша Дарментайқызы – дефектолог

– Түктібаева Еркеназ Әбдіғапарқызы – педагог – психологі

– Әбжаппар Әсел Сәбитқызы – қазақ тілі мұғалімі

– Абилова Эльмира Кулбековна – тәрбиешісі

– Атамбаева Толганай Серикбаевна – тәрбиешісі

– Аюбекова Гулшат Табысовна – педагог – психологі

– Каскабаева Мейрамкуль Темирбековна – тәрбиешісі

– Тельконурова Мереке Еркинбековна – тәрбиешісі

– Назарова Кунзада Муратовна – тәрбиешісі

– Кемелбек Ақназ Нышанқызы – педагог – ассистенті

– Романова Лютфия Махмадраджабовна  – тәрбиешісі

– Жүрсінова Еркеназ Оразалықызы  – қосымша маманы марапатталды

2.5. Педагогтердің кәсіби дамуы

Педагогтердің саны – 32 , жалпы алғанда 90 % педагогтер біліктілік арттыру курстарымен қамтылды.

№

Курстың атауы

2024 жылы өтті

2025 жылы өтті

2026 жылы

1

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары" Өрлеу АҚ»

19 педагог

 

1 педагог

2

"Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету"

4 педагог

   

3

"Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар"

4 педагог

   

4

"Тәрбиелеу- білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру." Өрлеу АҚ

 

9 педагог

 

5

«Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру»

 

1 педагог

 

6

«Өркен » балалардың әл – ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми – практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы аясында «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми – практикалық негіздері»

 

1 педагог

 

7

"Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту"

 

5 педагог

 

8

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру педагогі» Балаларды ерте дамыту институты

 

4 педагог

 

9

«Білім берудегі жасанды интеллект : инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» Жаапкершілігі шектеулі «Daryn ustaz» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы

 

9 педагог

 

10

Құндылықтарға негізделген білім беру

2 педагог

 

1 педагог

Жалпы

29 педагог өтті

29 педагог өтті

2 педагог

3. Озық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату

Бөбекжайда озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, тәжірибе алмасу және инновациялық қызмет нәтижелерін тарату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Соңғы 3 жылдағы көрсеткіштер

Деңгейі

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Халықаралық деңгей

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Республикалық деңгей

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының» жобалық қызметі» Республикалық семинарында әдіскер Джамбаева Куралай Ерболовна өз тәжірибесімен бөлісті

 

«Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді

Облыстық деңгей

 

«Тірек мектепке дейінгі ұйымның/құзыреттілік орталығының табысты педагогикалық тәжірибесін тарату тетіктері» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар»

 

2024 жылы әдіскер Джамбаева Куралай Ерболовна «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының жобалық қызметі» республикалық семинарына қатысып, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

2025 жылы «Тірек мектепке дейінгі ұйымның/құзыреттілік орталығының табысты педагогикалық тәжірибесін тарату тетіктері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізіліп, табысты педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бағытындағы жұмыс тәжірибесі ұсынылды . Тәжірибесімен бөліскен педагогтер:

– Джамбаева Куралай Ерболовна - әдіскер

– Сакеева Калимаш Толегеновна – директор

– Түктібаева Еркеназ Әбдіғапарқызы – психолог

– Шайгозова Гулбаршын Мукановна – қосымша маман

– Ибрагимова Эльмира Сапаровна – қосымша маман

2026 жылы «Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» тақырыбында республикалық семинар өткізіліп, құзыреттілік орталығының инновациялық қызметі мен жинақталған педагогикалық тәжірибесі республикалық деңгейде таныстырылды.

Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер бөбекжайдың озық педагогикалық тәжірибені облыстық және республикалық деңгейлерде жүйелі түрде таратып келе жатқанын көрсетеді.

4. Педагогикалық ұжымның , педагогтердің жетістіктері

Педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетін арттыру, педагогтердің шығармашылық бастамаларын қолдау және озық тәжірибесін тарату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Соңғы үш жылда педагогтер түрлі деңгейдегі кәсіби байқауларға, семинарларға, конференцияларға және әдістемелік іс-шараларға қатысып, өз тәжірибелерін таныстыруда.

Педагогтердің жеке кәсіби жетістіктері

– 2024 жылы Джамбаева Куралай Ерболовна «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңінен ІІІ орын иеленді

– 2024 жылы Кыдырбаева Улжалгас Бауыржановна «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)» аталымында І орынға ие болды

– 2024 жылы Сейтжапарова Куралай Турсынбековна  «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)» аталымында ІІ орынға ие болды

– 2024 жылы Абдрахманова Алтынай Хамариденовна «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)» аталымында ІІІ орынға ие болды

– 2025 жылы Соловьева Марина Викторовна «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі » республикалық байқауының облыстық кезеңінен І орын иеленді

– 2025 жылы Соловьева Марина Викторовна «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткен «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» облыстық байқауында І орын иеленді

– 2025ж  «ҮЗДІК ДИРЕКТОР» Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК директоры ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер педагогтердің кәсіби белсенділігін, шығармашылық ізденісін және педагогикалық тәжірибесін әртүрлі деңгейде таныстыру бағытындағы жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді.

Педагогтердің қауымдастықта, шығармашылық топтарда болуы:
Джамбаева Куралай Ерболовна Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК әдіскері қауымдастық мен шығармашылық топтардың мүшелігіне кіреді

4.1. Тәрбиеленушілердің жетістіктері

Оқу жылы

Жалпы тәрбиеленушілер саны

Республикалық

Облыстық

2024–2025

244 бала

20 бала

3 бала

2025–2026

241 бала

26 бала

-

2026–2027

252 бала

29 бала

-

Тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы ақпарат

Бөбекжайда тәрбиеленушілердің шығармашылық, зияткерлік, танымдық және спорттық қабілеттерін дамытуға, олардың түрлі деңгейдегі байқауларға, конкурстарға және іс-шараларға қатысуына жүйелі түрде жағдай жасалады.

2024–2025 оқу жылында бөбекжайда 244 тәрбиеленуші қамтылып, оның ішінде 20 бала республикалық, 3 бала облыстық деңгейде жетістік көрсетті. 2025–2026 оқу жылында тәрбиеленушілер саны 241 баланы құрап, 26 тәрбиеленуші республикалық деңгейде нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, 2026 жылдың наурыз айында бөбекжай базасында өткізілген республикалық семинарға 180 тәрбиеленуші белсенді ат салысты. Тәрбиеленушілер семинар аясында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, өздерінің шығармашылық, танымдық және практикалық дағдыларын көрсетті. Балалардың республикалық деңгейдегі ауқымды іс-шараға көптеп қатысуы бөбекжайдағы тәрбие-білім беру жұмысының нәтижелілігін және тәрбиеленушілердің белсенділігін айқындайды.

2026–2027 оқу жылында тәрбиеленушілер саны 252 балаға жетіп, республикалық деңгейде жетістік көрсеткен тәрбиеленушілер саны 29 баланы құрады.

Үш жылдық салыстырмалы көрсеткіш бойынша республикалық деңгейде жетістікке жеткен тәрбиеленушілер саны 20 баладан 29 балаға дейін өскен. Сонымен қатар республикалық семинарға 180 тәрбиеленушінің қатысуы балаларды ауқымды іс-шараларға тарту жұмыстарының жүйелі жүргізіліп отырғанын көрсетеді.

Алдағы уақытта тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін қолдау, белсенділігін арттыру және түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуына мүмкіндік жасау жұмыстары жалғасын табады.

5. Инклюзивтік білім алуға жағдай жасау

Бөбекжайда әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған инклюзивтік орта қалыптастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚЕ) тәрбиеленушілердің толыққанды дамуына, әлеуметтенуіне, құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауына және білім беру процесіне белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасалған.

Инклюзивтік білім беруді жүзеге асыру барысында тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері ескеріліп, педагогтер мен арнайы мамандардың бірлескен жұмысы ұйымдастырылады. Бөбекжайда балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін арнайы мамандар қызмет атқарады. Мамандар балалардың жеке қажеттіліктерін анықтау, дамыту және түзету жұмыстарын жүргізу, жеке қолдау көрсету, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналарға консультациялық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.

Балалардың сенсорлық, эмоционалдық және психологиялық дамуын қолдау мақсатында бөбекжайда арнайы сенсорлық бөлме жабдықталған. Сенсорлық бөлмеде ұйымдастырылатын жұмыстар көру, есту, сипап сезу, кеңістікті қабылдау дағдыларын дамытуға, зейінді шоғырландыруға, эмоционалдық күйді тұрақтандыруға және баланың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жақсартуға бағытталған. Мұнда балалардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес жеке және шағын топтық дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар бөбекжайда бассейн жұмыс істейді. Бассейндегі сауықтыру және дамыту іс-әрекеттері балалардың денсаулығын нығайтуға, жалпы моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, дене икемділігін дамытуға және жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыруға ықпал етеді. ЕБҚЕ бар тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері ескеріліп, судағы іс-әрекеттер қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Инклюзивтік білім беру ортасын қалыптастыруда арнайы мамандар, тәрбиешілер, дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері және ата-аналардың өзара ынтымақтастығына ерекше мән беріледі. Балалардың қажеттіліктеріне қарай жеке тәсіл қолданылып, психологиялық-педагогикалық, дамыту және түзету бағытындағы қолдау жұмыстары жүргізіледі.

6. Жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілігі бар балалардың үлесі

Бөбекжайда тәрбиеленушілердің жалпы контингенті және оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚЕ) балалар саны бойынша үш жылдық салыстырмалы көрсеткіш төмендегідей:

Оқу жылы

Жалпы тәрбиеленушілер саны

ЕБҚЕ бар балалар саны

Жалпы саннан үлесі

2024–2025

244 бала

8 бала

3,3%

2025–2026

241 бала

6 бала

2,5%

2026–2027

252 бала

4 бала

1,6%

Үш жылдық көрсеткіштерді салыстыру барысында ЕБҚЕ бар тәрбиеленушілер санының біртіндеп төмендеу динамикасы байқалады. 2024–2025 оқу жылында жалпы 244 тәрбиеленушінің 8-і ЕБҚЕ бар балаларды құрап, олардың үлесі 3,3% болды. 2025–2026 оқу жылында жалпы 241 тәрбиеленушінің 6-ы, яғни 2,5%-ы ЕБҚЕ бар балаларды құрады. 2026–2027 оқу жылында жалпы 252 тәрбиеленушінің 4-еуі ЕБҚЕ бар балалар болып, олардың үлесі 1,6%-ды құрады.

Көрсеткіштер ЕБҚЕ бар тәрбиеленушілер санының үш оқу жылы ішінде 8 баладан 4 балаға дейін азайғанын, ал олардың жалпы тәрбиеленушілер санындағы үлесінің 3,3%-дан 1,6%-ға дейін төмендегенін көрсетеді.

ЕБҚЕ бар тәрбиеленушілер санына қарамастан, бөбекжайда әр баланың жеке қажеттілігі мен даму ерекшелігіне сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, арнайы мамандармен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру, сенсорлық бөлме мен бассейн мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылады.

7. Басқа типтегі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық (атауларын көрсету)

1. Жезқазған қаласы гуманитарлық колледжі.

2. Жезқазған қаласы №1 ЖББМ

3. Жезқазған қаласы балалар кітапханасы

4. Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5. Жезқазған қаласы музыкалық колледжі

6. Серіктес бөбекжай Жезқазған қаласы «Салтанат» бөбекжайы

8. Ынтымақтастықта бірлескен іс – шаралары

Бөбекжайда әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында білім беру, мәдени және арнайы ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, түрлі іс-шаралар өткізілді.

1. Жезқазған қаласы гуманитарлық колледжі

Ынтымақтастық аясында колледж студенттері бөбекжайда педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында болашақ мамандар мектепке дейінгі ұйымның жұмысымен танысып, педагогтердің ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне қатысып, балалармен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар бөбекжай басшысы колледждің бітіруші түлектерінің қорытынды емтихандарына қатысып, түлектердің кәсіби даярлығын бағалау жұмыстарына атсалысты.

2. Жезқазған қаласы №1 жалпы білім беретін мектебі

Мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мектепалды топ тәрбиеленушілерінің мектеппен танысуына бағытталған жұмыстар жүргізілді. Тәрбиеленушілер мектеп ортасымен, сынып бөлмелерімен және мектеп өмірімен танысты. Педагогтер арасында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілді.

3. Жезқазған қаласы балалар кітапханасы

Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен бөбекжай тәрбиеленушілеріне арналған әдеби-танымдық кездесулер өткізілді. Кітапхана мамандары балаларға ертегілер мен балалар әдебиеті шығармаларын оқып, кітаппен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері балалар кітапханасына экскурсия жасап, кітапхана қорымен және балалар әдебиетімен танысты.

4. Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ерекше білім беру қажеттіліктері анықталған тәрбиеленушілер ПМПК мамандарының кешенді бағалауынан өтуге бағытталды. Мамандар тарапынан балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес ұсыныстар беріліп, педагогтер мен ата-аналарға консультациялық жұмыстар жүргізілді. Берілген ұсынымдар негізінде тәрбиеленушілерге қажетті педагогикалық және түзете-дамыту қолдауы ұйымдастырылды.

5. Жезқазған қаласы музыкалық колледжі

Музыкалық колледжбен ынтымақтастық аясында колледж студенттері бөбекжай базасында педагогикалық тәжірибеден өтті. Студенттер мектеп жасына дейінгі балалармен музыкалық бағыттағы жұмыстарға қатысып, музыка жетекшісінің тәжірибесімен танысты. Бірлескен жұмыс балалардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

6. Жезқазған қаласының «Салтанат» бөбекжайы

Екі бөбекжай арасындағы ынтымақтастық аясында педагогтер мен тәрбиеленушілердің қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізілді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Әжелер жарысы» ұйымдастырылды. Сонымен қатар екі бөбекжай педагогтерінің қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді. Бірлескен іс-шаралар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға және серіктестік байланысты дамытуға мүмкіндік берді.

Қорытынды:

Әлеуметтік серіктестермен өткізілген бірлескен іс-шаралар тәрбиеленушілердің танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дамуына, мектеппен сабақтастықты нығайтуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына ықпал етті.

9. «Ертөстік» бөбекжайы туралы қысқаша ақпарат

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ететін, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған мектепке дейінгі ұйым.

Бөбекжай қызметінің негізгі мақсаты – әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның физикалық, зияткерлік, шығармашылық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру және баланың мектепке табысты бейімделуіне жағдай жасау.

Бөбекжайда 11 топ жұмыс істейді, жалпы 252 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 10 топта тәрбие мен оқыту қазақ тілінде, 1 топта орыс тілінде жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топтар қажетті ойын, оқу-әдістемелік және дамытушы құралдармен жабдықталған. Пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруда балалардың еркін әрекет етуіне, таңдау жасауына, зерттеуіне, шығармашылықпен айналысуына және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруге басымдық беріледі.

Бөбекжайда балалардың жан-жақты дамуына бағытталған заманауи материалдық-техникалық база қалыптастырылған. Мұнда бассейн, сенсорлық бөлме, информатика кабинеті, хореография залы, музыка залы, дене шынықтыру залы, педагог-психолог кабинеті және арнайы мамандар кабинеттері жұмыс істейді. Аталған кабинеттер мен залдар балалардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, шығармашылық және музыкалық қабілеттерін дамытуға, цифрлық сауаттылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық және түзете-дамыту қолдауын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бағытында қажетті жағдайлар жасалған. Арнайы мамандар мен педагог-психолог балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық және түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбие-білім беру процесінде дәстүрлі әдістермен қатар заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, «Тәй-тәй», Зайцев, дамыта оқыту, ойын технологиясы, ТРИЗ, Монтессори, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, STEM, жасанды интеллект элементтері және GREEN STUDIO бағыттары педагогтердің тәжірибесіне енгізілуде. Бұл жұмыстар балалардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін, дербестігін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында бөбекжайда «Дельфин», «Көңілді ритмика», «Шебер қолдар», «Киіз басу» және басқа да вариативтік бағыттар жүзеге асырылады. Олардың мазмұны тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылып, шығармашылық, эстетикалық, қимыл-қозғалыс және практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөбекжай қызметінде ата-аналармен серіктестікке ерекше мән беріледі. Ата-аналар жиналыстары, кеңестер, ашық іс-шаралар, мерекелер, шығармашылық және экологиялық акциялар ұйымдастырылып, отбасы мен бөбекжай арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалар мен олардың ата-аналарына педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында консультативтік пункт қызмет етеді.

Бөбекжай қаланың білім беру, мәдениет және арнайы білім беру ұйымдарымен әлеуметтік серіктестік орнатып, тәжірибе алмасу, балалардың әлеуметтік ортасын кеңейту және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған бірлескен жұмыстар жүргізеді.

Педагогикалық ұжым заманауи мектепке дейінгі білім беру талаптарын басшылыққа ала отырып, озық педагогикалық тәжірибені енгізу және тарату бағытында жүйелі жұмыс атқарады. Педагогтер қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік іс-шараларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бөбекжай базасында да педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына бағытталған семинарлар мен әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Ертөстік» бөбекжайында қалыптасқан заманауи әрі қауіпсіз орта, материалдық-техникалық база, педагогтердің кәсіби әлеуеті, инновациялық технологияларды қолдану, ата-аналармен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық әр тәрбиеленушінің қабілетін ашуға, жан-жақты дамуына және сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.